EJK

Октябрь 8, 2008

Биржа котировкалары және Орталық Азиядағы бесеу

Қазақстан
Сыйақысы 5-6 %-тік евробондтар мен синдикатты заемдар дәурені біткенде, қазақ банктеріне де кредит тарату қарқынын кілт тежеуге тура келді. Қайта қаржыландыру мүмкін болмай қалғандықтан сыртқы қарызды қайтару керек. 2007 жылдың тамызында банктердің берешегі 46 млрд$ деген дерек жария етілді. 2007 жылы 14 млрд.$, 2008 жылы 11 млрд$ төлеп қойғанымен әлі де 42 млрд.$ қайтаруымыз керек.

Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов:

Расында да, банктердің сыртқы қарыздары сәл ғана азайды. Өйткені, олар борышты өтеумен қатар қайта қаржыландыру және жаңа қарыз алу әдісін де қолданды.

Қазақстан қор биржасы индексі KASE_shares 2007 жылдың шілдесіндегі 2708 пунктінен 2008 жылдың қазанында 1262 пунктіне дейін құлады. Төмендеу-46% құрады. KASE индексін құрайтын 10 акцияның бесеуі Лондон қор биржасында(LSE) саудаланады. Қазір әлемдік инвесторлардың дамушы елдер эмитенттеріне сенімі жоқ.

KASE индексі құлап жатыр


KASE индексін құрайтын акциялар құнының өзгеруі (Т)

KASE- дегі сауда көлемі азайған. 2007 жылдың қаңтар-тамыз айларында 210 млн.$ келісім шарт бекітілсе, биылғы көрсеткіш- 180 млн.$
KASE сарапшысы Виталий Томский:
Қыркүйек айы қор нарықтары үшін өте ауыр тиді.Бұл ай қайта көтерілу, қайта даму кезеңінің алыстағанын көрсетті. Акциялардың арзандауы жаңа жылға дейін жалғасады. .Жағдай 2009 жылдың екінші жартысынан бастап оңалуы мүмкін.
LSE IPO-ға шығушылар саны кемімегенімен, тартылған қаражат көлемі азайған. 2007 жылы ENRC 1,5млрд £, Альянс банк 700 млн$ тартса, биыл Сұңқар және Жайықмұнай компаниялары бар болғаны 166млн.$ иеленген.

Бұл өзі кризистің қандай түрі?

Бастапқыда банктерде ақша болмай қалып, қаржы тапшылығы дағдарысы сезілді. Қазір қаржылық қадағалау агенттігін несие портфелі сапасы алаңдатып отыр. АФН мәліметі бойынша ,бесінші санаттағы күмәнді несиелер мен үмітсіз несиелер үлесі бар болғаны 4,9% құрайды. Standard and Poors рейтинг агенттігі сарапшылары сапасыз несие кредит портфелінің 15-20 % деген болжам жасайды.

Халыққа әсері

Инфляция кесірінен жұрт табысының жартысынан көбін күнделікті қажетке жұмсайтын болды. Құрылыс саласындағы дағдарыс кесірінен 100 мыңға тарта үлескер пәтеріне кіре алмаса да, банкке кредитін төлеуге мәжбүр. Банктердің сапасын кредиттерін сатып алу мақсатында құрылған Стресстік активтер қорынан жұртқа қайран жоқ. Олар қарызын бұрынғыша төлеуге міндетті. Банк , құрылыс, риэлторлық істе қысқартулар орын алды.

БТА Банк басқармасы төрағасы Роман Солодченко:

Бұрын мамандар қызметін жиі ауыстырып, көп жағдайда оның жалақысы білімі мен біліктілігінен жоғары болып жататын. Енді қызметкерлер тұрақты жалақы төленетін жұмысты бағалайтын болды

Қырғызстан

2006 жылы шаршы метрі 200 доллардан саудаланған Бішкектегі пәтерлер құны қазір 2000 долларға дейін көтерілді. Бұған қазақ банктерінің Казкоммерцбанк Қырғызстан, АТФ-Банк Қырғызстан, БТА Банк Kyrgyzstan, Халық банк Қырғызстан сияқты еншілес банктері берген ипотекалық несие түрткі болды . Қазақ банктері қырғыз банк жүйесінің 70% қамтып отыр.

Орталық Азия стратегиялық зерттеулер институты атқарушы директоры Айтолқын Құрманова:

Қырғыз банк жүйесінің дамуы қазақ банктерінің өз жобаларын тоқтатуына байланысты болуы мүмкін. Әзірге айтарлықтай дағдарыс сезіліп жатпаған тәрізді. Бірақ, жылжымайтын мүлік бағасының құлдырауына байланысты қауіп-қатер бар.

BTA bank директорлар кеңесі төрағасы кеңесшісі Ғазиз Сыздықов:
Әлемдік дағдарыс қырғыз еліне қатты әсер етті деп айта алмаймын. Қырғызстанда бұдан бірнеше жыл бұрын оқтын-оқтын орын алған ереуілдердің тоқтағаны тұрақты дамуға сеп болды деп бағалануда.

Қырғыз экономикасының әлеуетін мына мәлімет те көрсете алады. Көрші ел дағдарыс дабылы қағылмай жатып-ақ, бар-жоғы 1,9 млрд$ сыртқы қарызын қайтара алмай қиналды. 2007 жылдың мамырында қырғыз премьер-министрі Алмас Атамбаев халықты сыртқы қарызды төлеуге атсалысуға шақырды. Ұлттық банктен арнаулы есеп те ашылмақ болды.

Өзбекстан

Өзбекстанның өз суверенді рейтингі болмағанымен 29 банктің сегізі халықаралық рейтингке ие.
Промстройбанк(Fitch), Хамкорбанк(Fitch), Туронбанк(Moody’s), Галла
Банк(Moody’s), Пахта Банк(Fitch), Алока Банк (Moody’s), Асака
Банк(Fitch)
Бірақ, осыған қарамастан өзбек банктерінің сыртқы қарызға байланысты қиыншылықтары жоқ.

Өзбек банктерінің жалпы активі мен ортақ капиталы (млрд$)

Ansher Capital брокерлік компаниясы


Қазір Өзбекстанда валюта түріндегі несие корпоративтік клиенттерге 8-12% пен, жеке тұлғаларға 4% беріледі. Депозит сыйақысы корпоративтік клиенттерге 6-7% , жеке тұлғаларға 9-12% төңірегінде. Ташкентте пәтердің шаршы метрі 700- 1500$ аралығында.

Банктер көрсететін қызмет түрлері

Ansher Capital бас директоры Баходир Мирсаатов:
2007 жылдың екінші жартысында орын алған әлемдік ипотекалық дағдарыс “Тошкент” қор биржасына әсер еткен жоқ. Биржаның әлемдік нарықтардан алшақтығы оның дамуына ықпал етті. Бірақ, 2007 жылы акциялар құны 20-30 %ке өссе, биыл 10%ке дейін тежелді. Дегенмен, листинг иеленген өзбек компаниялары шынайы нарықтық бағасын алған жоқ деп айта аламын. Мысалы, Қазақмыс акциясы 10$ тұрса, дәл сондай өзбек компаниясы 10 центке ғана бағаланған.

2007-2008 жылдардағы қор биржаларындағы сауда көлемі (млн. $)

Тәжікстан

“Агроинвестбанк” қаржы институттарымен жұмыс бөлімі бастығы Сунатулло Бобоев:
Қаржы дағдарысы Тәжікстан нарығына әсер еткен жоқ. Банктердің қорландыру көзінің 30% ғана шетел капиталы (негізінен Ресей.авт).Елде алты банк бар. Валюталық биржа екі жыл бұрын жабылып қалды. Мемлекеттің суверенді рейтингі жоқ

Түркіменстан

Орталық Азия стратегиялық зерттеулер институты атқарушы директоры Айтолқын Құрманова: 
Түркіменстан Қырғызстан,Тәжікстан сияқты емес табиғи ресурсқа-газға бай ел. Жаңа президент өркениетті елдермен жақын қарым-қатынас жасауға әзір тәрізді. Қазақ банктерінің екі жыл бұрынғы әлеуеті мен қарқыны болғанда қалайда онда кіруге әрекет жасар еді. Бірақ, 5 млн. халқын әрине Өзбекстанның 25 миллионымен салыстыруға келмейді. Банктер ірі кәсіпорындар соңынан барады. Меніңше, Түркіменстан Ресей банктері нарығы деуге болады.

Қортынды

2007 жылы елімізде ЖІӨ 8,5 % құрады. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов биыл 5-6 % құрайды деп мәлімдеді. Халықаралық валюта қорының болжамы да осы шамада- 5 %. Сонымен, 5 елдің ішінен дағдарыс тұсауы тек Қазақстанға ғана тиген тәрізді. Бірақ, бұл өзге төрт ел қарқынды дамып жатыр деген сөз емес. Қазақстан құрылыс саласындағы дағдарыс өзбек , қырғыз және тәжік гастарбайтерлеріне ықпал еткені анық. Халықаралық көші-қон ұйымының дерегінше, 2006 жылы осы үш елдің кірме жұмысшылары Қазақстаннан 585 млн$ аударған.
Әлемдік қаржы дағдарыстары 6-7 жылда бір қайталанып тұрады. Өрлеуден кейін құлдырау орын алады. Қасқырдан қорыққан қой бақпайды дегендей, қазір натуралды шаруашылық принципімен өмір сүретін мемлекет жоқтың қасы. Евробонд, синдикатты қарыз, өсім, даму, құлдырау. Әлем осы принциппен өмір сүріп келеді. Бұдан басқа жолды ислам қаржы жүйесі көрсетуі мүмкін. Бірақ, бұл өзге әңгіменің тақырыбы.

Дерек көздері :
www.afn.kz
www.uzse.kz
www.akipress.org
www.kase.kz
www.rfca.kz
www.inesnet.kz

Комментарии (4) »

  1. Өте ұғынықты жазылған. Ұнады. Ислам қаржы жүйесі қиындықтан шығуға қалай жәрдемдесетінін білу қызықтырып отыр.
    Айтпақшы, кестелерің «аман-есен» шығыпты ғой :)

    Комментарий от urimtal — Октябрь 9, 2008 @ 6:58 дп | Ответить

  2. :-) )
    ислам каржы жуйесин келеси такырып кылып алармын мумкин :-) )

    Комментарий от anku1515 — Октябрь 9, 2008 @ 7:02 дп | Ответить

  3. Маған әсіресе, көркем безендірілуі ұнайды. Жобаға неше уақытыңды жұмсадың?

    Комментарий от makpal — Октябрь 9, 2008 @ 1:21 пп | Ответить

  4. Ой, уш кун бар жумысымды тастап, осыны айналдырдым гой. Асхаттын сабырлылыгы аркасында жасап шыктык кой. Excel,Paint бағдарламалары миыма аздап кире бастады :-) ))))))

    Комментарий от anku1515 — Октябрь 10, 2008 @ 3:51 дп | Ответить


RSS-лента комментариев к этой записи. URI для обратной ссылки

Оставить комментарий

Блог на WordPress.com.