Үш жылдық білім беру жобасына тартылған 15 журналисті аталған бағдарламаның сараптамалық комитеті 42 үміткердің арасынан іріктеп алған болатын. Олар алғашқы кезде Польшаның «Think Point Ltd» ұйымының және «Education Now!» ақпараттық қоғам қорының президенті Марчин Полак бастаған тәлімгерлердің дәрісін тыңдайды. Орталық Азия аумағында тұңғыш рет Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан бұл бағдарламаның екінші кезеңі қараша айында өтеді.